Қазақстанда өткен тәулікте 1435 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.
Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 25, Алматы қаласы – 280, Шымкент қаласы – 17, Ақмола облысы – 72, Ақтөбе облысы – 120, Алматы облысы – 79, Атырау облысы – 51, Шығыс Қазақстан облысы – 172, Жамбыл облысы – 15, Батыс Қазақстан облысы – 19, Қарағанды облысы – 171, Қостанай облысы – 20, Қызылорда облысы – 39, Маңғыстау облысы – 7, Павлодар облысы – 213, Солтүстік Қазақстан облысы – 30, Түркістан облысы – 105.
Жалпы, пандемия басталғалы елімізде 907 140 адамнан коронавирус анықталса, соның ішінде 848 891 науқас жазылып шықты.