БастыСпорт

Қазақстандық дзюдошы жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде алды

Қазақстандық Шерзод Давлатов Италияның Ольбия қаласында дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды prosports.kz

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткендей, алматылық Ш.Давлатов 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде өзбекстандық Камолиддин Бахтиёровпен татамиге шықты.

Шерзод қарсыласын иппонмен таза жеңді. Ш.Давлатов ширек финалдық белдесуде грузиялық Георгий Сардалашвилиге жол берген еді.

Дегенмен сосын жұбаныш бәсекесінде ресейлік Абу-Муслим Парчиевтен айласын асырды. Жастар арасында әлем біріншілігі 10 қазанға дейін созылады.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button