Бастыпроисшествие

Тамызда жоғалып кеткен әйелдің мәйіті Ақтөбедегі пәтерлердің бірінен табылды

Ақтөбеде пәтерден жоғалған әйелдің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыркүйек айының басында Ақтөбе қаласы полиция бөліміне ер адам арызданды. Оның айтуынша, осы жылдың тамыз айының соңында Қарғалы ауылында қайын енесі үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Осыған орай, адамның жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, жедел-іздестіру жүргізілді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында әйелдің спирттік ішімдіктерді тұтынатыны және үйден жиі кететіні анықталды.

Жедел уәкіл әйелдің болу ықтимал тұрғый үй массивіндегі пәтерлерінің біріне келген кезде зорлық-зомбылық белгілері бар мәйітін тапты.

– Полиция қызметкерлері пәтерлерді аралау барысында күдіктінің пәтерде жалғыз тұратыны және тұрғындармен қатты араласпайтыны анықталды. Сонымен қатар көршілері оның жеке өмірі туралы ештеңе білмейді. Сондай-ақ, күдіктінің бір ай бойы жұмысқа шықпағаны анықталды, – деп айтты Ақтөбе облысы ПД бастығы А.Арыстанов.

Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары барысында қылмысты құқық бұзушылықты жасаған күдікті ұсталып, кінәсін мойындады. Оның айтуынша, мас күйінде әйелді ұрып-соғып, осы уақыт ішінде үйге қайтпай, ішімдік ішіп жүрген.

Кісі өлтіру фактісі негізінде ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button