Бастыпроисшествие

Елордада жантүршігерлік көлік апатынан 5 адам мерт болды

Нұр-Сұлтан қаласында түнде көпір үстінде орын алған жол-көлік апатынан 5 адам мерт болды, деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«30 қыркүйекте түнгі сағат 00:34-те «Toyota Camry» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзенінен өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай жүріп келе жатып, жылдамдық режімін сақтамаған. Соның салдарынан ол рульді басқара алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, «Nexıa Ravon» автокөлігімен соқтығысты. Жол апатынан 5 адам қаза тауып, 1 адам зардап шекті. Оқиға орнында 2 жүргізуші және тағы 3 жолаушы мерт болды. Және «Toyota Camry» автокөлігіндегі жолаушы ауыр халде қалалық ауруханаға жатқызылды», – делінген хабарламада.

Департаменттің мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жолаушыларға жол ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертіп, жолда қырағы болуға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button