БастыСпорт

Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан Таиланд құрамасын 7:0 есебімен жеңді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында Таиландты ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Қазақстан құрамасы Таиландқа жауапсыз 7 гол соқты.

Бірінші таймда «Қайрат» командасынан Дәурен Тұрсағұлов (3 минут), Дуглас (14 минут), сонымен қатар Чайвата Джамграджанга автогол (19 минут) соқты.

Ал екінші таймда отандастарымыз есепті еселеді.

Дәурен Нұрғожин (24), Тайнан (24), Арнольд Кнауб (32) және Игита (38).

Ширек финалда қазақстандықтар 24 қыркүйекте бір-біріне қарсы ойнайтын Өзбекстан-Иран жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Еске салайық, топтық кезеңде Қазақстан Коста -Рика (6: 1) мен Литваны (3: 0) жеңді, сонымен қатар Венесуэламен тең түсті (1: 1). Рикардо Каканың шәкірттері А тобында бірінші орынмен плей-офф кезеңіне өтті.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button