Қазақстандықтар COVID-19-дан болатын өлім-жітімнің жоғары көрсеткішінің себептері туралы кезекті теорияны алға тартты. Мессенджерлерде адамдар қауіпті вирусты жұқтыру салдарынан емес, Мидазолам препаратын артық мөлшерде қабылдаудан өледі деген пікір айтылуда.
Мидазолам – бұл ұйқысыздықты емдеуде, сондай-ақ хирургиялық операциялар мен әртүрлі медициналық процедуралар кезінде седация үшін қолданылатын дәрі.
Былтыр сәуір айында қазақстандық БАҚ эпилепсиямен ауыратын науқастарды емдеу үшін препаратты елге әкелу жоспарланып отырғаны туралы хабарлады. Бұл дәрі бұған дейін Қазақстан Республикасында тіркелмеген.
Айта кетейік, 2020 жылдың сәуір айының соңына қарай Мидазолам елге әкелінгенге дейін 24 қазақстандық COVID-19-дан қайтыс болды.
2021 жылғы 5 тамыздағы ересектерде COVID-19 коронавирустық инфекциясын диагностикалау мен емдеудің жаңартылған клиникалық хаттамасында Мидазолам туралы айтылмаған. Сондай-ақ, онда Букколам, Дормикум, Фулсед, Нирозепам және Транквезипам сияқты аналогтар да жоқ.
Ауруханаларда пациенттерді Мидазоламмен әдейі өлтіреді деген қауесеттің Қазақстанға қатысы жоқ. Олар фейк жаңалықтар мен қастандық теорияларын жариялаайтын The Daily Expose порталы бұл препараттың Ұлыбританияда «мыңдаған адамның өмірін мезгілсіз тоқтату үшін үшін» қолданылғаны туралы мақала шығарғаннан кейін Желінің ағылшын тілді сегментінде тараған. Мақалада бұл расталмайды, алайда Мидазолам өлім жазасын орындау кезінде өлім инъекциясы ретінде қолданылғаны айтылған. Шын мәнінде, Мидазолам тек тыныштандыратын дәрі ретінде ғана пайдаланылды, ал онымен бірге қолданылатын екі дәрі өлімге әкелген.
Ұлыбританияда COVID-19 жұқтырған пациенттерді Мидазоламмен өлтіреді деген теорияны ағылшын тілді фактчекерлер жоққа шығарды.
Демек, адамдар COVID-19 асқынуларынан емес, ұйықтататын дәріні артық мөлшерде қабылдаудан өледі деген болжамдар өтірік. Біріншіден, бұл теорияның дереккөзі – конспирологиялық сайт, екіншіден, дәріні артық мөлшерде қабылдау туралы нұсқа расталмайды, үшіншіден, Қазақстанда COVID-19 диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасында Мидозалам да, оның аналогтары да жоқ.