Мәскеуде (Ресей) спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионаты басталды. Olympic.kz дүниежүзілік біріншіліктегі қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынады.
Жарыстың алғашқы күнінде спортшылар жылдамдық бойынша өзара мықтыны анықтады.
Нәтижесінде, қазақстандық Ришат Хайбуллин финалда 7-ші орыннан көрінді. Ал Әмір Маймұратов болса 12-ші сатыдан көрінді.
Әйелдер арасында Қазақстан құрамасынан ешкім финалға шыға алған жоқ. Іріктеу кезеңінде отандасымыз Тамара Олжабаева 18-ші, Әсел Марленова 22-ші, Танзила Оспан 31-ші және Алина Пономорева 32-ші орынға жағасты.