БастыСпорт

Қазақстандық таеквондошы халықаралық турнирде топ жарды

Қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз Түркияда халықаралық турнирде топ жарды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Түркияның Стамбул қаласында таеквондодан рейтингтік WT President’s Cup Europe жарысы өтті. Аталған бәсекеде Қазақстан құрамасының қоржыны қос жүлдемен толықты.

Әйелдер арасында 73 келіде сынға түскен Жансель Дениз өз салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Ал ерлер арасында бақ сынаған ССамирхан Әубакіров 54 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені қоржынға салды.

Айта кетерлігі, аталған турнир Жансель Дениздің Токио Олимпиадасынан кейінгі алғашқы додасы.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button