Бастыпроисшествие

Таразда жеңіл көлік жүргізушісі аялдамада тұрған төрт адамды қағып кетті: Екі адам көз жұмды

2021 жылдың 15 қыркүйегінде таңғы сағат 07:20 шамасында Тараз қаласының С.Сейфуллин көшесінен Б. Момышұлы көшесіне бағыт алған Hyundai маркалы автокөлігінің жүргізушісі аялдама маңында тұрған төрт жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Салдарынан оқиға орнында екі адам қаза тауып, екі адам Тараз қаласының №1 ауруханасына жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлері жоғарыда аталған көлік жүргізушісі 23 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бірқатар тиісті сараптама тағайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button