БастыҚоғам

Елорда әкімі Алтай Көлгінов онлайн-қабылдау өткізді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында азаматтарды апта сайын қабылдайтынын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Азаматтарды апта сайын қабылдаймыз. Бұл тұрғындарды көбірек қамтуға мүмкіндік береді. Түрлі сұрақтар қойылады. Мәселен, бүгін тұрғындар жұмысқа орналасу мәселелерімен жүгінді. Сондай-ақ, үлестік құрылыс нысандарын аяқтау, көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған бағдаршамдардың жұмысы, абаттандыру және т.б. мәселелер көтерілді.

Дегенмен, азаматтарды қабылдауда көтерілетін негізгі мәселе — тұрғын үй. Осы бағытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде: жыл сайын қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй санын ұлғайтамыз. Мәселен 2018 жылы 1800 әлеуметтік пәтер, 2019 жылы 2900 әлеуметтік пәтер салынса, былтыр 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынды. Сонымен қатар, тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың санатын кеңейтіп, тұрғын үй сертификатының көлемін 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайттық.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу және уақытылы өзара байланыс орнату үшін өткен жылдың күзінде тұрғын үй қызметі саласында бірыңғай орталық ашылды (Республика даңғылы, 32). Онда қала тұрғындары тұрғын үй мәселелері бойынша сұрақтарына жауап ала алады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында осы жылдың өзінде әріптестеріммен бірге 1,5 мыңнан астам қала тұрғыны қабылданды. Қала тұрғындарының проблемаларын шешуді бақылауға аламыз», – деп жазды елорда әкімі.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button