БастыСпорт

Футбол: Қазақстан құрамасы Босния және Герцеговинамен тең түсті

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Босния және Герцеговина мен Қазақстан құрамасы кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Боснияның Зеница қаласында өткен ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.

Бірінші тайм толықтай алаң иелерінің басымдылығымен өтті.

Ал екінші таймды Қазақстан құрамасы шабуылмен бастады. Нәтижесінде бұрыштама сәтінде Исламбек Қуат гол соғып кетті. Бұл ойынның 52-минуты болатын. Бірақ 70-минутта Александр Марочкин айып алаңының ішінде ойын тәртібін бұзып, қақпамызға пенальти белгіленді. Оны Миралем Пьянич сәтті орындап, есепті теңестірді. Ал 86-минутта қосалқы құрамнан шыққан Лука Менало бұрыштамадан гол соқты. Бірақ Қазақстан футболшылары ойын соңына қарай есепті теңестірді. Бахтиер Зайнутдинов қосымша уақытта айып добынан гол соқты.

Осы ойыннан кейін Босния құрамасы 3 ұпай жинап, D тобында 4-орынға жайғасты. Қазақстан құрамасы да 3 ұпай жинап, соңғы орында тұр.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button