Бастыпроисшествие

Ақтөбе облысында мас күйінде көлік құрал басқарған 60 жүргізуші анықталды

Ақтөбе облысында “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілер арасында жол-көлік тәртібін алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысының аумағында биылғы 23 мен 31 тамыз аралығында жол қауіпсіздігіне әсер ететін ЖҚЕ өрескел заңбұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы өтті.

Алдын алу іс-шарасының нәтижелері бойынша жол қозғалысы саласында 2634 заңбұзушылық анықталды, мас күйінде көлік құралдарын басқарудың 60 фактісі, 67 қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығу, жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермегені үшін 124 жүргізуші әкімшілік тәртіппен жазаланды, ЖҚЕ бұзғаны үшін 1283 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, телефонды пайдалана отырып көлік құралын басқару кезінде 130 факті анықталды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жол қозғалысына жауапты болуға және жолда өмірі мен денсаулығын жоғалтқандарды еске алуға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button