происшествие
Мәскеуде белгісіз біреу атыс шығарды
Мәскеуде белгісіз біреу атыс жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сағат 22:00-де (жергілікті уақыт бойынша) 02 қызметіне Строителей көшесі, 5, 3-корпус бойынша атыс жасалғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері кіріп. Тәртіп сақшылары белгісіз біреу бірнеше рет қарудан атқанын анықтаған.
«112» Telegram-каналының мәліметінше, атыс шығарған «Серп и Молот» зауытының бұрынғы директоры Дмитрий Павлов. Дереккөз мәліметі бойынша, бұрын зауытта мәселе туындаған: оның аймағы құрылыс салу үшін сатылмақ.