БастыҚоғам

Елордада әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен зейнеткерлерге азық-түлік себеттері таратылды

«30 игі іс» республикалық марафоны аясында ҚР Конституциясы күні қарсаңында Сарыарқа ауданындағы жәрмеңке ұйымдастырушысы әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен зейнеткерлерге азық-түлік себетін таратты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сарыарқа ауданының Ш.Қосышығұлұлы көшесінде орналасқан жәрмеңкенің ұйымдастырушысы, «Ернұр көмек» мүгедектер бірлестігінің төрағасы Айтуған Күзербаев зейнеткерлер мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін таратты.

«Сарыарқа ауданында жәрмеңке биылғы жаз мезгілінің басынан бері тұрақты жұмыс істеп тұр. Жәрмеңке орналасқан маңайда әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың және зейнеткерлердің бар екенін байқадық. Осы ретте, ҚР Конституциясы күні қарсаңында 40 отбасыға азық-түлік тараттық. Алдағы уақытта да осындай қайырымдылық шараларын жалғастырамыз деген ойдамыз», – деді жәрмеңкенің ұйымдастырушысы Айтуған Күзербаев.

Жалпы Сарыарқа ауданында бағасы арзандатылған азық-түлік жәрмеңкесі демалыс күндері өткізіледі. Айта кету керек, жәрмеңкеден Сарыарқа ауданындағы әлеуметтік аз қамтылған саудагерлерге сауда орны тегін беріледі.

Сонымен қатар, алдағы уақытта Сарыарқа ауданының Агроқалашық елді мекенінде азық-түлік жәрмеңкесін ашу жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button