Кеше «Jas Otan», оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы және Жазушылар одағы Семей қалалық филиалдарының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – Тәңір берген тәтті сый» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті.
⠀
Аталған шара ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойын атап өту, сонымен қатар жастар арасында ұлттық бірегейлік пен ұлттық құндылықтарды насихаттау, жас ақындардың шығармашылығын дамытуға жағдай жасау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
⠀
Мүшәйраға Шығыс Қазақстан облысының 18 бен 35 жас аралығындағы 30 жас ақыны қатысты.
⠀
Байқау нәтижесінде бас жүлдені Бауыржан Игілік, 2 орынды Жасұлан Мақаев және Төлеутай Динара, 3 орынды Еркінұлы Қуаныш, Жақсылықов Асқарбек және Ғалымбек Дильназ иеленді. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды.
⠀
Ал байқауға қатысқан барлық қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.