Елорданың Достық үйі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған фотобайқау жариялады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Фотобайқау Instagram әлеуметтік желісінде өтеді.
Сайысқа қатысу шарттары төмендегідей:
•авторлық сурет жариялау.
• #30letmiraisoglasiya #30letdrujby #ANK #MiridrujbaANK хэштэгтерін қою
• @assembly_nur_sultan парақшасын белгілеу.
Үздік жұмыстар @assembly_nur_sultan парақшасына жүктеледі және ең көп лайк жинаған фотосуреттер жүлделі орындарға ие болады.
Байқаудың қорытындысы 28 тамыз күні жарияланады.
Айта кетейік, жалған немесе жабық аккаунттар байқауға қатыса алмайды.