БастыҚоғам

Түркістандық полицейлер зейнеткердің ақшасын жымқырған күдіктіні ұстады

Түркістандық полицейлер зейнеткердің ақшасын жымқырған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық Полиция басқармасына зейнеткер әйел арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оның тұрғылықты мекенжайына заңсыз кіріп, сөмкесіндегі 80 000 теңге қаражатын жасырын жымқырып кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды. Ақпарат алысымен түркістандық тәжірибелі тәртіп сақшыларынан құрылған жедел-тергеу тобы оқиға орнына шықты. Полицейлер жәбiрленушiден, куәгерлерден ұрлық қылмысының мән-жайын сұрастырды.

Жүйелі жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде небары бір сағат ішінде тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстады және оны Полиция басқармасына жеткізді. Ұсталған күдікті ер адам жергілікті тұрғын болып шықты. Тексеру барысында белгілі болғандай, күдікті таңғы уақытта мас халде досының үйіне келе жатып, шатасып зейнеткердің есігі ашық тұрған үйіне кіріп кеткен. Содан кіреберіс бөлмеде тұрған қолсөмкені көріп, арам ойы туындап, ішін ақтарып, қолына ілінген ақшаны алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген. Қазіргі таңда полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button