БастыҚоғам

Әрбір қазақстандық үшін 125 000 теңге әлеуметтік төлем тағайындалатыны рас па?

Әрбір қазақстандық үшін әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат – жалған. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Белгілі бір сілтеме бойынша өткен Қазақстанның әрбір азаматына 125 000 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем жүзеге асырылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Азаматтарға алаяқтар мұндай хабарламаларды жеке аккаунттар мен банктік шоттарға қол жеткізу үшін қолдануы мүмкін екенін ескертеміз.

Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми ақпарат көздерінен ғана алуды сұраймыз.

Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button