БастыДенсаулық

Елдегі эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсарып келе жатқанын, сырқаттанушылық деңгейі біртіндеп төмендей бастағанын атап өтті.

Алдыңғы аптада вирустың репродуктивті индексі 1-ден төмен болды және қазір 0,93 құрайды. Инфекциялық төсек-орындар 49%, реанимациялық төсектер 46% толы. Бүгінгі таңда 6,5 млн жуық адам вакцинаның бірінші компонентін, 5 млн-нан астам адам екінші компонентін алды. Үкімет басшысы вакцина салдыру науқанын күшейту қажет екенін атап өтті.

Премьер-Министр Ведомствоаралық комиссияға эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатқан өңірлердегі «Ashyq» жүйесіне қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күндері шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырды.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button