БастыҚоғам

ШҚО-да BMX кросс велоспортына арналған кәсіби трек салынып жатыр

Құрылысшыларға халықаралық велоспорт федерациясының өкілдері кеңес береді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өскемен қаласының тұрғындары «Самал» саябағында жүріп жатқан BMX кросс велоспортына арналған тректің құрылысын байқаған шығар. BMX – велосипед спортының кең таралған түрі және 2008 жылдан бері ол олимпиадалық ойын түрлерінің қатарында. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мұндағы құрылыс жұмыстарының қарқынын қадағалады.

 

«BMX – тек жастар қызығатын спорт түрі ғана емес, көптеген велоспорт әуесқойлары үшін өмір сүру стилі болып саналады. Облыс орталығында салынып жатқан трек халықаралық стандарттарға сай болмақ. Тректің жабыны Токио Олимпиадасындағы сияқты болады. Велокросс әуесқойлары үшін де, кәсіби спортшылар үшін де жолдар салынады. Алдағы уақытта бұл жерде әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізетінімізге сенімдімін», – деді нысан құрылысын аралаған аймақ әкімі.

Ол сонымен қатар құрылысшыларға Мәскеуден келген Халықаралық велоспорт федерациясының өкілдері кеңес беретінін, сондықтан құрылысты  жобалағанда және салғанда талаптар түгел ескеріліп, барлық тиісті параметрлер сақталатынын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button