БастыҚоғам

Аягөз гарнизоны: Жас офицерлер мен сержанттардың әлеуметтік жағдайы назарда

Аягөз гарнизонындағы танк бригадасы әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен қызметті ұйымдастыру ұжымы ағымдағы жылы оқу бітіріп әскери қызметке келген жас офицерлер мен сержанттардың отбасылық және әлеуметтік жағдайларымен танысып, жаңадан отау құрғандарға үйлі болуға қолдау көрсетуде. Бұл туралы Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі хабарлайды.

Күні кеше әскери оқу орнындағы курсанттық өмірмен қоштасып Қазақстан Қарулы Күштері қатарын толықтырған жас офицерлер қазіргі кезде еліміздің әр өңіріндегі әскери бөлімдерге қызмет атқаруға тағайындалды. Бүгінде жас офицерлер мамандықтары бойынша іс- лауазымдарын қабылдап, қызмет жолдарына қызығушылықпен кірісуде.

Қарулы Күштеріміздегі жаңа кадрлардың әскери қызметтен бөлек әлеуметтік ахуалын қызметте басты бағыттардың бірі санайтын Аягөз гарнизонындағы танк бригадасының әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен қызметті ұйымдастыру ұжымы жас офицерлермен тығыз жұмыс істеуде. Арнайы қызмет түрі жұмысқа жаңа орналасқан жиырмаға жуық жастармен кездесіп, бүгінгі күні гарнизон басшылығымен баспанамен қамтамасыз ету сұрағының оң шешімін тауып, нүктесін қойды. Ендігі кезекте әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен қызметті ұйымдастыру ұжымы үйленген жас отбасылардың жұбайларын мамандықтары бойынша өңірде қызметке орналастыру мәселесін жергілікті әкімшілікпен бірлесіп шешуге құжаттарын әзірлеу үстінде.

– Биыл біздің әскери бөлімге көптеген жас мамандар келді және сол жастарымызға бөлім басшылығы тарапынан және өз тарапымыздан көмек жасап, жол сілтеудеміз. Қазіргі таңда барлық жаңадан келген офицерлер, сержанттар әскери қалашықтан баспана алып, толықтай баспаналы болды. Бұл енді бірінші кезеңі ғана, алдағы уақытта әлі де әлеуметтік сұрақтар бойынша жұмыс істейтін боламыз деді, – әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен қызметті ұйымдастыру қызметінің бастығы Гүлмира Өтешева.

Басқа жаңалықтар

Back to top button