Бастыпроисшествие
Семейде «Toyota» жүргізушісі жылдамдықты шектен тыс асырып жіберіп, салдарынан 7 көлік соғылды
Семей қаласында 7 көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Тұрлыханов көшесінде болған.
«Toyota» автокөлігін тізгіндеп келе жатқан ер адам жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып жіберіп, туран сондай маркалы басқа көлікке соқтығысты. Сондай-ақ осының салдарынан ВАЗ, Lada, Foton, Mercedes, Toyota көліктері жол апатына ұшыраған. Зардап шеккен ешкім жоқ. Көлік иелеріне материалдық шығын келтірілді», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта оқиғаның анық-қанығы анықталып жатыр.