БастыҚоғам

Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін бұзғандарға 159 млн теңге айыппұл салынды

Елордада карантин тәртібін бұзғандарға 159 млн теңге айыппұл салынды. Қалада мобильдік топтар кәсіпкерлік нысандарға рейд жұмыс­тарын жалғастыруда. Мекемелерде бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты ұстанбау және белгіленген жұмыс тәртібін сақтамау жайттары белгілі болды, деп хабаралайды Елорда Инфо.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны жөніндегі ескертулерге қарамастан, кейбір мекемелер жұмыс режимін сақтау жөніндегі талаптарды әлі күнге дейін елемей, бұқаралық іс-шаралар өткізеді, ал қызметкерлері бетперде тақпайды. Мәселен, өткен түні елордада карантин шектеуін сақтамаған 8 кәсіпкерлік нысаны анықталды. Сарыарқа ауданында белгіленген уақыттан кейін Pei Zdes лаундж-бары, «Атом» компьютер клубы және «Угол 4/1» бары жұмыс істеді. Алматы ауданында орналасқан «Киш Миш» кафесінде, «Какие люди» барында, «Эхо» клубында да жұмыс режимін сақтамағанын анықтады. Сонымен қатар Есіл ауданындағы Inforno мейрамханасы мен «VZлетный» ресто-бары сағат 22.00-ден кейін келушілерді кіргізген. Ал «VZлетный» тіпті қорқор ұсынған. Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шара қабылдау үшін аудандық санитария­-эпидемиология бақылау басқармасына тапсырылды.

Жыл басынан бүгінге дейін елордада шектеу және карантин шараларын бұзғаны үшін 786 жеке және заңды тұлға жалпы сомасы 159 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпкерлік субъектілері карантин талаптарын қатаң сақтауы, қайта бұзушылықтарға жол бермеуі тиіс. Сонымен қатар қала тұрғындарының өздері адам көп жиналатын орындардан аулақ болуы және санитарлық дәрігердің кеңесін толық орындап, өзін және өзгелерді қауіптен сақтауы міндеттеледі. Адам көп жиналатын орындарға барудан, іс-шаралар ұйымдастырудан аулақ болып, гигиенаның қарапайым ережелерін сақтау керек.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button