Бастыпроисшествие

Шу тұрғынынан 42,5 келі есірткі заты тәркіленді

Шу қаласының тұрғынынан полицейлер 400 мыңнан астам доза есірткі затын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тасөткел ауылынан үш шақырым жерде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Шу қаласының 20 жастағы тұрғынын ұстады.

Тінту барысында одан жалпы салмағы 42 келі 500 грамм “марихуана” есірткі заты табылды, тәркіленген есірткінің салмағы 400 мыңнан астам дозаны құрайды.

– Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, – деп атап өтті ПД ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков.

Ұсталған күдікті кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button