14 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары тұр.
«Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.