Әлем

Коронавируспен ауырған науқастарды емдейтін ауруханадан өрт шығып, 50 адам көз жұмды

Ирактың оңтүстігіндегі Эн-Насирия қаласында аурухана өртеніп, 50-ден астам адам көз жұмды. Тағы 20-дан астамы жарақат алды. Бұл туралы 24kz жазды.

Оқиға коронавируспен ауырған науқастарды емдейтін ауруханада болған. Алдын ала болжамға қарағанда өрт оттегі баллонының атылуынан шыққан.

Коронавирусқа шалдыққандар жатқан палатадан шыққан жалын бүкіл ғимаратқа лезде тарап, көп адам іштен сыртқа шыға алмай, қамалып қалды. Қазір өрт сөндіріліп, төтенше оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button