БастыҚоғам

Еліміздің батысында ыстық ауа райы сақталады

Қазгидромет 26-28 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Атмосфералық ауа ағындардың әсерінен елдің біршама аудандарында найзағай жарқылдайды. Тек Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Республиканың шығыс және оңтүстік бөлігінде жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрады. Ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады: күндіз солтүстікте 20-32 градусқа дейін, орталықта 20-37 градусқа дейін, ал шығыста 15-28 градус ыстық болады», – делінген хабарламада.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button