БастыӘлем

Вакцинадан бас тартқан 150-ден астам медицина қызметкері жұмыстан босатылды

АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында екпе қабылдаудан бас тартқан 150-ден астам медицина қызметкері жұмыстан шығарылды. Бұл туралы 24Kz жазды.

Мекеме басшысы жұмысшыларына маусымның 7-сіне дейін вакцина егуді талап еткен. Талапқа бағынбағандарға 2 апта бойы жұмыстан шеттетіліп, кейін жұмыссыз қалатындары жайлы ескертілген. Нәпақасынан айырылғандар енді сотқа шағым түсірді. Наразылардың айтуынша, бұл әрекет заңға қайшы. Ал аймақтағы өзге аурухана басшылары міндетті имму-низация шарасы қызметкерлердің құқығын бұзбайды деген пікірде.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button