Бастыпроисшествие

Әскерилердің мамандық бойынша даярлық сабақтары өтті

Жазғы жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес «Майлин» оқу-жаттығу полигонында танкішілер теория жүзінде алған сабақтарын пысықтап, Т-72 ұрыс машинасынан оқ ату жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі.

Практикалық ату сабағының басты мақсаты – әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығын дамыту, олардың қару-жарақтан оқ ату шеберліктерін жетілдіру, практикалық дағдыларды шыңдау. Сонымен қатар басты назарда әскери бөлімге жаңадан келген жас сарбаздардың буынын бекітіп, рухын күшейту және Отан қорғау – ер жігіттің абыройлы міндеті екенін сезіндіру болды.
Жаттығу барысында танк бөлімшелері оқ-дәрі жиынтығын танкке салу мен қару-жарағын жауынгерлік жағдайға келтіру бойынша практикалық сабақтарды орындады. Т-72 танкісі қаруынан оқ ату әскери қызметшілерге тұрақты орналасу пункттерінде өткізілген теориялық және практикалық сабақтар кезінде алған барлық білімдерін практика жүзінде бекітуге мүмкіндік берді.

Ауыр ұрыс машинасынан оқ ату сабақтары әсіресе жас офицерлер мен мерзімді әскери қызметшілер үшін өте маңызды. Себебі олардың көпшілігі ауыр ұрыс машинасынан бірінші рет жауынгерлік атыс жүргізді.
Т-72 танкісінен оқ атуды іс жүзінде орындау – бұл танкішілер үшін өте маңызды сәт. Осындай жаттығуларда әскери қызметшілердің психологиялық тұрғыдағы дайындығын және де өздеріне сеніп тапсырылған танкінің жойқын күшін сезінуін көреміз. Біздің мақсат жас мамандардың теория жүзінде алған білімдерін, тәжірибеде толығымен игеруге үйрету, – деді танк бригадасының сержанттар құрамымен жұмыс жасау қызметінің бастығы 1-ші сынып сержанты Алмас Жаңысов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button