БастыТехнология

Қазақстандықтардың 20%-дан астамының ұялы байланыс сапасына көңілі толмайды

Қазақстан ұялы байланыстың ең төменгі құны рейтингінде 211 ел ішінде 7-ші орынға ие болды. Зерттеуді британдық Cable.co.uk сараптама агенттігі жүргізді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қоғамдық саясат институтының мәліметінше, қазақстандықтардың 78,7%-ның телефон және ұялы байланыс сапасына көңілі толады. Ал әр бесінші адам бұған қарсы пікірде.

Ауылға қарағанда қалалардағы байланыс сапасы жақсырақ. Осылайша, байланыс сапасына қала тұрғындары (83,1%) ауыл тұрғындарына (72,6%) қарағанда көбірек қанағаттанады.

Зерттеу 2021 жылғы сәуірде жүргізілді. Сауалнамаға 6 800 респондент қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button