ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы өткен мамыр айында тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгерісі жайлы жазды.
2021 жылғы мамыр айында алдыңғы сәуір айымен салыстырғанда елімізде:
– абаттандырылған жаңа тұрғын үйлердің бағасы – 2,6%;
– абаттандырылған екінші нарықтағы үйлер – 0,9%;
– абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі – 0,7%-ға қымбаттады.
2021 жылдың мамыр айында 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда:
– абаттандырылған жаңа тұрғын үйлердің бағасы – 8,3%;
– абаттандырылған екінші нарықтағы үйлер – 13,3%;
– абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі – 7,0%-ға көтерілді.
Өткен айда 1 шаршы метрі үшін баға:
– жаңа үйлерде – 335 539 теңге.
– екінші нарықтағы үйлерде – 264 129 теңге.
– жалға алу төлемі – 1758 теңге.