БастыДенсаулық

Коронавирус жұқтырған 152 адамның жағдайы өте ауыр

Елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққан 668 науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

31 мамырдағы мәлімет бойынша 27 180 адам коронавирус инфекциясынан (26 613 КВИ+ және 567 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 908 пациент стационарда, 16 272 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

668 адамның жағдайы ауыр,
152 пациенттің жағдайы өте ауыр,
97 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button