Бұл туралы қызметтің Telegram-арнасында хабарланды.
«Құрметті Ashyq қызметін қолданушылар! Қазір қосымшада техникалық ақаулар бар. Уақытша қолайсыздықтар тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз», делінген 27 мамырда сағат 13.10-да жарияланған хабарламада.
Бірақ, сағат 13.25-те арнада қызмет қалпына келген. Алайда қолданушылардың кейбірі әлі де қосымшаға кіре алмай отыр.
Еске салайық, қолданушылар Ashyq бағдарламасындағы ақауларға бірнеше рет шағым айтқан болатын.