БастыДенсаулық

Қазақстандық вакцинаны сатып алуға ниетті елдер бар ма?

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасын сатып алуға ниетті елдер бар ма деген сұраққа жауап берді.

Министрдің айтуынша, көптеген мұсылман елдері отандық вакцинаға қызығушылық танытуда. Оған қоса Денсаулық сақтау министрлігі авторлық құқық пен халықаралық патент алу бағытында жұмыс істеп жатырғанын айтты.

«Біздің вакцина – бұл толығымен жасалған және шығарылған мұсылман әлеміндегі алғашқы вакцина. Көптеген мұсылман елдері сондықтан да қызығушылық танытқан шығар. Жақында мен БАӘ-дегі әріптесіммен сөйлестім және олар да қызығушылық танытып отыр. Қазірдің өзінде 10 шақты ел QazVac жеткізу туралы сұрақтармен жүгінді. Біз қазір осы бағытта қарқынды түрде жұмыс істеп жатырмыз», – деді министр Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button