Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдындағы есептік кездесуінде елдегі БАҚ коронавирусқа қатысты жалған ақпаратпен қалай күрескенін айтып берді.
«2020 жылдың шілдесінде Stopfake.kz сайтын іске қосу инфодемияға қарсы күресте уақытылы және қажетті қадам болды. Сайт ашылғаннан бері сайт 1263 жалған ақпаратты теріске шығарды», – деді Аида Балаева.