БастыҚоғам

Елімізде жұмыссыздар саны артты

Елімізде жұмыссыздар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 2%-ға өсті. Бұл туралы FinProm жазды.

Жұмыссыздар саны ең көп өңірлер — Алматы, Түркістан облысы және Шымкент.

2021 жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыз адамдардың саны 451,3 мың адамды құрады — бұл өткен жылмен салыстырғанда 2% – ға көп. Яғни жұмыссыздық деңгейі бір жыл ішінде 4,8% – дан 4,9% – ға өсті.

Алайда айта кететін жайт, 2020 жылғы «карантиндік» екінші және үшінші тоқсандарда жұмыссыздық деңгейі тіпті 5% -ды құрап, жұмыссыздар саны – 454 мыңнан 455 мың адамға өсті.

Сонымен қатар жұмыссыздық деңгейі әйелдерде ерлерге қарағанда жоғары: 4,4:5,4. Анықтама үшін: бір жыл бұрын жұмыссыздық деңгейі әйелдер арасында 5,3% – ды, ерлер арасында – 4,3%- ды құрады.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button