БастыҚоғам

Елордада 30 градус ыстық алдағы күндері де жалғасады

Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы ыстық болады деп болжам жасады. Елордада ауа температурасы 30 градустан жоғары деңгейде болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

25-26 мамырда Қазақстан аумағында күн ыстық болады. Оңтүстіктен жылы және құрғақ ауа келеді.

«Елдің батысында 30…39°С, тіпті солтүстік жартысында да термометр бағандары күндізгі уақытта сирек байқалатын 32…38°С көрсетеді. Республиканың оңтүстік және шығыс аумағы да ыстық болады, оңтүстікте 30…40°С, шығыста 30…36°С-қа жетеді. Алайда, 27 мамырдан бастап Батыс, содан кейін солтүстік аймақтарға Батыс Еуропадан келетін антициклон әсер ете бастайды. Нәтижесінде батыс өңірлерде температураның 25…33°С-қа дейін, солтүстікте 18…28°С-қа дейін төмендейді», — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Ертең, 26 мамырда елордада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 18-20 градус, күндіз 34-36 градус жылы болады.

27 мамырда оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 26-28 градус жылы болады

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button