Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жас түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтап, өзінің грантқа түсу кезіндегі оқиғаларымен, тәжірибесімен бөлісті.
«Қателесуден қорықпау керек. Қателік жасалса, өмір сонымен аяқталмайды. Барлық адам қателеседі.
Ең бастысы – өз қателігімізді уақытылы түсініп, түзетуге тырысуымыз әлдеқайда маңызды. Барынша күш-жігерімізді салып, алған беттен қайтпағанымыз абзал.
Міне, бұл болашақта табысқа қол жеткізетін адамға тән қасиет.
Мектепті бітіргеннен кейін мен бірден грантқа түсе алмадым. Жалпы жақсы балл жинағаныма қарамастан, бейіндік пән бойынша аз балл алғандықтан, грант жеңіп ала алмадым. Сол кезде бұл жағдайды өмірімдегі үлкен қателік деп санадым, өмірім аяқталған сияқты болды.
Бірақ кейін бұл жағдайға деген көзқарасым өзгеріп, оны өмірімдегі кезекті сынақ деп қабылдадым. Тағы бір жыл дайындалып, ҰБТ-ны қайта тапсырдым. Жақсы балл жинап, грантты жеңіп алдым. Бұл оқиға маған көп нәрсені үйреткен өмірлік сабақ болғанын жете түсіндім.
Өз күшіңізге деген сенім мен қателіктерге мойымай, аяққа қайта тұру – адам баласы үшін өте маңызды деп білемін», деп жазды министр.