Білім министрі Асхат Аймағамбетов мықты түлектерді педагог мамандығын таңдауға шақырды. Бұл туралы ол министр өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Білім министрі ретінде мықты түлектерді педагог мамандығын таңдауға шақырамын.Өйткені, білім сапасы, елдің болашағы жоғары оқу орындарын аяқтап шығатын мұғалімдерге тікелей байланысты. Бұл үлкен дәрежеге ие және өте құрметті мамандық.
Мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру үшін Президенттің тапсырмасы бойынша біз педагогтердің жалақысын белсенді түрде арттырып жатырмыз. Шамадан тыс есептілікті алып тастадық. Болашақ педагогтердің стипендиясы ең жоғары стипендия болып табылады, бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады», – деді Асхат Аймағамбетов.
Оған қоса министр түлектерді батыл болуға шақырып, бәрі өз қолдарыңызда екенін естеріңізде сақтап жүріңіздер деп мотивация берді.