БастыҚоғам

Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады

Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігінде құбылмалы, тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

Тек еліміздің оңтүстік аймақтарында жоғарғы қысым аумағының әсерінен жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазаақстан, Түркістан, күндіз Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Павлодар, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аймағында дауыл соғады.

Түнде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Түнде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 2 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button