
Жыл сайын Қазақстан кәсіпорындарында 1300-ден астам қызметкер жарақат алады, оның ішінде 200-ге жуығы қаза табады. Бұл туралы ҚР Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2020 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 4 439 тексеру жүргізді, солардың барысында 7 260 бұзушылық анықталды, оның ішінде еңбек қатынастары саласында – 5 001, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 2 096, халықты жұмыспен қамту бойынша – 163. Еңбекті қорғауға байланысты заңнаманың негізгі бұзушылықтары жұмыскерлерді қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етпеуден (433 немесе 20,6%), қауіпсіз еңбек тәсілдеріне үйретпеуден (255 немесе 12,1%), жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен және арнайы аяқкиіммен қамтамасыз етпеуден (129 немесе 6,1%), еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің немесе жауапты адамның болмауынан (31 немесе 1,5%) көрінді. Жұмыс берушілерге 2 614 ұйғарым беріліп, 182,2 млн теңге сомасына 1 090 айыппұл салынды», – деп хабарлады Төлеген Оспанқұлов.
Жыл сайын Қазақстан кәсіпорындарында 1300-ден астам қызметкер жарақат алады, оның ішінде 200-ге жуығы қаза табады. Ағымдағы жылдың 4 айының өзінде еліміздің кәсіпорындарында 462 адам зардап шеккен, оның 59-ы қайтыс болған.



