БастыСпорт

Қазақстандық жұп стенд атудан халықаралық жарыста топ жарды

Қазақстандық мергендер Италияда өтіп жатқан халықаралық Green Cup жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Стенд атудан «Trap-mix» санаты бойынша қазақстандық атлеттер топ жарды. Жұптық кезеңде Виктор Хасянов пен Мария Дмитриенка финалда италиялық Симоне Дамбросио мен Грета Луппиді жеңді.

Жарыстың қола жүлдесіне тағы бір италиялық жұп Ерминио Фраска мен Эрика Сесса ие болды.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button