БастыСпорт

Хоккейден Қазақстан командасының капитаны тағайындалды

Қазақстан командасының бапкерлер кеңесі Ригадағы әлем чемпионаты қарсаңында команда капитанын бекітті. Бұл туралы федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған Olympic.kz хабарлайды.

Капитаннан бөлек, оның ассистенттерінің де есімі белгілі болды.  Әлем чемпионатында Қазақстан командасының капитаны міндетін Әлихан Әсетов атқарады.  Ал Роман Старченко мен Даррен Диц оның көмекшілері қызметінде.

Айта кетелік, әлем чемпионаты 21 мамыр күні Ригада басталады. Қазақстан командасының алғашқы кездесуі 22 мамырға жоспарланған.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button