БастыҚоғам

Алматы маңында жол апатынан 22 жасар полиция қызметкері қаза тапты

Алматы облысының Қарасай ауданында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Көлді-Жалпақсай тас жолында «Mazda-626» автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 22 жастағы Алматы қаласы патрульдік полициясының инспекторы Нәдір Қалымов тізгіндеген «Lada Granta» автокөлігімен соқтығысқан. Соққы инерциясымен «Lada» жол шетіне қарай ұшып кетіп, ағашқа соғылған.

«Полиция кіші сержанты Н. Қалымов түнгі ауысымнан үйіне қайтып келе жатқан, бірақ ол үйіне сол күйі жете алмады: полицей алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Әртүрлі дене жарақаттарын алған «Mazda-626» көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады полициядан.

Аталған факті бойынша Алматы облысы ПД Қарасай ауданының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізеді.

Полиция кіші сержанты Нәдір Қалымов ішкі істер органдарында 2019 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет етті. Оның артында анасы мен аяғы ауыр келіншегі қалды.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button