БастыСпорт

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің бұрынғы чемпионымен жекпе-жек өткізеді

Кәсіпқой рингте бірде-бір қарсыласына есе жібермеген қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) келесі жекпе-жегін 26 маусымда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

28 жастағы боксшымыздың он раундтық жекпе-жектегі қарсыласы – орта салмақтағы бұрынғы WBA чемпионы, америкалық Роб Брунт (26-2, 18 КО) болады. Жәнібек ешқашан осындай жоғары деңгейдегі қарсыласпен кездескен емес.

Әлімханұлы мен Брунт арасындағы айқас өтетін кештің басты жекпе-жегінде украиналық Василий Ломаченконың мен жапон Масаёси Накатани жұдырықтасады.

Жәнібек Әлімханұлы алдыңғы жекпе-жегін өткен жылдың 9 қазанында Лас-Вегаста өткізіп, екінші раундта аргентиналық Гонсало Корианы нокаутқа жіберді (16-4, 6 КО). Брунт соңғы рет рингке былтыр 22 тамызда шықты. Украиналық Виталий Копыленкомен (28-3, 16 КО) қолғап түйістіріп, бесінші раундта техникалық нокаутпен ұтты.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button