БастыҚоғам

Елордада қандай орындарда шомылуға болады?

Нұр-Сұлтан қаласында халық суға түсетін 23 орынның 3-еуінде ғана шомылуға ресми рұқсат берілген. Бұл туралы елорда әкімдігінің онлайн баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Статистика бойынша, қазіргі уақытта судан қаза болудың 80% азаматтардың мас күйде шомылуына байланысты, сондай-ақ жабдықталмаған және тыйым салынған орындарда шомылу болып отыр. Ыстық күндері жағажайларда демалушылардың саны мыңнан асып кетеді. Сондықтан әрбір азамат судағы қауіпсіздік ережелерін орындауы тиіс», – дейді Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Есен Байыров.

Оның айтуынша, тексеріс комиссиясы елордада халық шомылатын 23 орынды анықтаған.

«Оның ішінде үшеуі – Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгіновтің қаулысына сәйкес рұқсат етілген орындар. Олар: «Орталық жағажай», «Три пескаря» және «Астаналық аула» демалыс аймақтары. Қалған 20 орынға суға шомылуға тыйым салынған», – дейді ол.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button