БастыҚоғам

Алматы облысының 37 тұрғыны армениялық көлігін тіркеуге қойған

Алматы облысы Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, 2021 жылы 37 тұрғын Армения елінен әкелінген көліктерін мемлекеттік тіркеуге қойған. Шетелдік көліктерді заңдастырудың бірегей мүмкіндігін еліміздің көптеген азаматы пайдаланған.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 ақпандағы қаулысына сәйкес елімізге Армениядан әкелінген көліктерді тіркеуге қою мерзімі 2022 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімге ұзартылды. Шетелдік тіркеудегі көлігі бар тұрғындардан осы мүмкіндікті жібермей, тіркеуге тезірек қоюға шақырамын»,- деді Алматы облысы ПД ӘПБ Процессинг орталығының бастығы полиция подполковнигі Нұрболат Алтаев.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес былтыр ҚР Үкіметі Армения елінен әкелінген көліктерді тіркеуге қою тәртібі мен мерзімін бекіткен болатын. Дегенмен, жаһанды жайлаған Коронавирус індетіне байланысты мемлекеттік шекаралардың жабылуына және көліктерді сынақтан өткізу мекемелердің жұмысындағы өзгерістерге байланысты уақытша тіркеуге қою уақытына өзгертулер енгізіліп, ұзартылған болатын.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button