БастыСпорт

Юлия Путинцева Сербия ашық чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстандық, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева Белградта Сербия ашық чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белградтағы WTA 250 турнирінің 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 100-орында тұрған словениялық Кайя Юванмен өткізді.

Бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте Юлия брейк жасап, алға шыққанымен, қатарынан үш геймді қарсыласына беріп қойды – 4:6. Есесіне екінші сетте 5:0 есебімен алға кетті.

Бұдан кейін словениялық спортшы брейк жасағанымен, партия Путинцеваның есебіне жазылды – 6:2. Үшінші, шешуші партияда есеп 1:1 болғаннан кейін Юлия қарсыласына дес бермеді – 6:1.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button