БастыҚоғам

Алдағы күндері елімізде бұршақ жаууы мүмкін

Қазгидромет 18-20 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Апта ортасында Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, атмосфералық фронтальді жүйелердің өтуіне байланысты кей жерлерде күн күркіреп, шығыста, солтүстікте, орталықта жаңбыр жауады.

20 мамырға жақын еліміздің оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.

19 мамырдан бастап Салехард аудандарынан суық антициклонның ығысуымен күндізгі ауа температурасы солтүстікте 12-17 жылыға дейін, орталықта 15-20, кей жерлерде 12, шығыста 10-15, кей жерлерде 7 градусқа дейін төмендейді.

Республика бойынша жекелеген аудандарда желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button