БастыҚоғам

Түнгі уақытта көшеде жүрген ақтөбелік жасөспірімдердің ата-анасына айыппұл салынды

Түнгі уақытта көшеде жүрген ақтөбелік жасөспірімдердің ата-анасына айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 мамыр күні сағат 22:40-та Ақтөбе қаласы ПБ Астана ауданы №1 қалалық полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының инспекторлары ойын-сауық орындары бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде дәмханалардың бірінен сағат түнгі 22:00 шамасында үш кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерсіз жүргенін анықтады. Аталған факті бойынша мекеме иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы 1-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды (сағат 22-ден таңғы 6 – ға дейін) – 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, онда ата-аналарға 3 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button